© 24.kz
Таразда "Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығының" бұрынғы директоры мемлекетке тиесілі жалпы құны 300 миллион теңге болатын бес нысанды өз туыстарына заңсыз тіркеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жаасап.
Телеарнаның мәліметінше, ол қызметтік бабын пайдаланып, төрт ғимарат пен бір жер телімін туыстарына беру туралы заңсыз бұйрықтар шығарған. Артынша мүлікті өз атына рәсімдеп, бес нысанның екеуін сатып, қалғанын интернет арқылы саудаға қойған.