23 қаң, 2023 сағат 13:34

Таразда «Сергек» камералары іске қосылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Тестілік сынақтардан кейін Таразда «Сергек» камералары іске қосылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«16 қаңтардан бастап 48 аппараттық-бағдарламалық кешен қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оның 35-і желілік учаскелерде және 13-і қиылыстарда орналасқан. Жүйе жылдамдық режимінен асып кету, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуін және жол таңбалау желілерінің бұзылуын тіркейді. Тіркеу автоматты режимде жүреді және полиция қызметкері тексергеннен кейін құқық бұзушыға жіберіледі», - деп атап өтті министрліктен.

Ведомство дерегінше, көлік жүргізушілері хаттаманы «erap-public.kgp.kz» және «egov.kz» сайттарынан немесе «Kaspi» мобильді қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен көре алады. Егер азамат құқық бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, нұсқамада көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалуы қажет.