17 жел, 2025 сағат 15:57

Таразда полицейлер есірткіні жасырын қойып кетушіні қолға түсірді

 


Таразда полицейлер есірткіні жасырын қойып кетушіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 22 жастағы ер адамды Тараз қаласында есірткі заттарын жасырын қойып кету кезінде ұстады. Күдіктіні жеке тінту кезінде жалпы салмағы 14,13 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат салынған 30 орама тәркіленді.


Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайы бойынша санкцияланған тінту барысында салмағы 926,827 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық есірткі құралы – альфа-PVP болып шықты. Жалпы салмағы 940 грамм 957 миллиграмды құрады.


Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі – "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, сату мақсатында тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.