Сурет ашық дереккөзден алынды
Таразда қоқыстағы пластикалық шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
"29 желтоқсан сағат 11:30-да Тараз қаласының полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы шықты" - делінген хабарламада.
Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілген.
Қазіргі уақытта оның анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.