18 там, 2023 сағат 11:05

Тараз сотының судьясы 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Фото: Holanews

Антикор Тараз қалалық №2 сотының судьясын пара алды деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасырын іс-шаралардың нәтижесінде 2 000 000 теңге сомасында пара алған Тараз қаласы №2 сотының судьясын әшкереледі.

Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді" - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.