Фото: penzavzglyad.ru
Павлодар тұрғыны танысын өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен 31 жастағы күдіктіге 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
"2 қаңтарда Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті азамат өз еркімен келді. Ер адам 2022 жылдың қыркүйек айының ортасында өзінің 59 жастағы танысын өлтіргенін айтты. Аталған азамат сол күні тұрғылықты жерінде алкогольдік ішімдіктер ішу барысында, танысы екеуінің арасындағы жанжал кезінде оны тұншықтырып өлтірген. Мәйіт өзі тұрған үйдің ауласына көмілген, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.
Тергеушілер бұл фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қажетті тергеу шараларын өткізгеннен кейін қылмыстық іс қылмыстық істер бойынша сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді.