11 нау, 2020 сағат 11:52

Танымал режиссердің ұлы адам ұрды деп айыпталды

Алматыда белгілі режиссер Рүстем Әбдірәшевтің ұлы Әбілқайыр Жарасқан адамды соққыға жықты деп айыпталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы тұрғыны Наталья Батухтина әлеуметтік желіде Әбілқайыр Жарасқан екеуінің арасында болған кикілжің туралы жазған болатын. Оның айтуынша, олар жолды бөлісе алмаған.

Оқиға 9 наурызда Бостандық ауданында болды.

«Полицияға арыз 9 наурызда түскен. Полиция Әбілқайыр Жарасқанның іс-әрекетіне құқықтық баға беріп, соған қарай шара қолданатын болады», - деді ПД баспасөз қызметінен.

Кейінірек Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев айыпталушыдан нунчаки атты қару тәркіленгенін айтты.