«Таңбалы тас» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейіне келген туристі кіру үшін алынатын ақы мен қойылған қоршау таңғалдырды. Сонымен қатар ол жұмыс істемейтін әжетханаға шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2022 жылдың 27 наурызында Іле өзеніне жақын орналасқан Тамғалы-тасқа бардым. Бұл жерге жыл сайын келіп тұрамын. Кеше қойылған қоршау мен кіру үшін алынатын ақы (адам басына 500 теңге) мені таңғалдырып, жағымсыз әсер қалдырды.
Ұсқынсыз кабинадан шыққан бір адам өзін таныстырмай, жеке куәлігі мен бейджін көрсетпестен кіру ақысын талап етті. Алайда, оның қолында төлемақы алу құқығын беретін құжаты болды. Ол маған фискалды түбіртек берген жоқ. Себебін электр мен интернет жоқ деп түсіндірді. Маған билет ұсынды. Сонымен қатар, ол маған түбіртекті Ұзынағаштағы компанияның кеңсесінен барып алуды ұсынды», - деп жазады Facebook қолданушысы.
Оның айтуынша, барлық ғимарат, соның ішінде инспектор отыратын күзет орны, дәретхана (жұмыс істемейді), қоршауы қорыққа сай болуы керек.
Қорық-музейінің баспасөз қызметі әр пункт бойынша жауап берді.
«Фискалды түбіртек бойынша, біз түбіртектерді қажет ететіндердің барлығына береміз. Өкінішке орай, сол күні ол жерде касса аппараты жұмыс істемеді. Ал бұл кісілерге екі билет ұсынылды. Бағасы жазылған прейскурант көрсетілді. Біздің қызметкер қонақтарға Ұзынағаштағы кеңсеге барып тексеруді ұсынған жоқ. Ол кеңсеге қоңырау шалып, чекті электронды түрде ала алатынын айтты. Сондай-ақ аумаққа кіру бағасы 2018 жылдан бері 500 теңге.
Көлікке келер болсақ, Бұл транзиттік жол. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарын кіргізбеуге қақымыз жоқ.
Дәретхана бойынша, ол әлі толықтай іске қосылмады. Себебі, су мен жарық тартылған жоқ. Онымен жұмыс істеп жатырмыз.
Аумақты жабдықтау жоспарда бар. Алайда оны бір аптада жөндей алмаймыз, себебі қаржылық шығын оңай емес. Музейге кіруге алынатын сол 500 теңге нысанды абаттандыруға кетеді: әктеуге, сырлауға, тазалауға», - деп жауап берді музейден.
Сондай-ақ қорық-музейіне айына орта есеппен 10-20 адам келетіні айтылды. Былтыр мұнда 1500-ге жуық турист келген.