© Sputnik / Абзал Калиев
Тамыздың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 16,1%, бір айда 1,4% болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2022 жылғы тамызда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы тамызбен салыстырғанда 20,8%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 15,5%-ға, ақылы қызметтер 10,1%-ға қымбаттады.
Кеңсе тауарлары 60,5%, мектеп сөмкесі, оқушылар рюкзагы 44%, жеке қолданылатын тауарлар 28,4%, жуу және тазалау заттары 26,6%, тұрмыс құралдары 24,2%, құрылыс материалдары 20%, балалар аяқ киімі 19,6%, жиһаз және үйге қажетті заттар 19,2%, ыдыс-аяқ 16%, балалар киімі 15%, автомобильдер 14,6%, тоқыма бұйымдары 11,3%, фармацевтика өнімдері бағасы 10,7% өсті.
Бір жылда (былтырғы және биылғы тамызға) ақылы қызметтер бағасы 10,1% өсті. Кешенді демалу ұйымдары 20,1%, қоғамдық тамақтану қызметтері 18,4%, санаторий қызметтері 15,3%, денсаулық сақтау қызметтері 14,9%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтері 13,8%, қонақ үй қызметтері 6,9% қымбаттады. Жолаушылар көлігі қызметтері 5,7% қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында электр қуаты, қоқыс шығару 3,7%, су бұруға тарифі 1,6% жоғарылады, ал орталықтан жылыту 2,3%-ға, ыстық су тарифі 0,9%-ға төмендеді.