02 қыр, 2023 сағат 12:44

Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары қызметінде қалды

Фото: Үкімет басшысының баспасөз қызметі

Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары қызметінде қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Тамара Босымбекқызы 1965 жылы 11 қаңтарда ҚазКСР Шымкент облысы, Сарыағаш ауданы, Ленин ауылында дүниеге келген.

Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген (1987), мамандығы - инженер-экономист.

Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Макрорегуляцияны экономикалық-математикалық модельдеу» (2004).

Еңбек жолы:

- Шымкент облысы Сарыағаш қаласы Ильич атындағы орта мектебінің мұғалімі (01.1988 - 06.1988);

- Өзбек КСР Мемжоспар жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының экономисі, Ташкент қаласы (11.1988 - 09.1992);

- Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі (09.1992 - 10.1993);

- «Перизат-Холдинг» компаниясының бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы (10.1993 - 01.1994);

- Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі басшысының кеңесшісі (01.1994 - 11.1994);

- Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары (11.1994 - 05.1997);

- Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары (05.1997 - 12.1997);

- Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары (12.1997 - 03.1999);

- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы (03.1999 - 09.2002);

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Астана қаласы (09.2002 - 09.2006);

- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы (09.2006 - 01.2008);

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы, Астана қаласы (01.2008 - 02.2013 ) ;

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Астана қаласы (02.2013 - 06.2013);

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м. а., Астана қаласы (06.2013 - 06.2013);

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Астана қаласы (06.2013 - 08.2014);

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, Астана қаласы (08.2014 - 01.2017);

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Астана қаласы (01.2017 - 02.2018);

- «Нұр Отан» партиясының хатшысы, Нұр-сұлтан қаласы (02.2018 - 07.2019);

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының президенті, Нұр-сұлтан қаласы (07.2019 - 05.2020);

- Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, Нұр-сұлтан қаласы (07.2019 - 05.2020);

- Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау жөніндегі жетекші бөлімі, Нұр-сұлтан қаласы (05.2020 - 04.2022);

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Нұр-Сұлтан қаласы (2022 жылғы 11 сәуірден бастап).

- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Астана қаласы (2023 жылғы 8 маусымнан бастап)