Фото: shutterstock
Билік өкілдері не дейді?
Балалардың психикасы мен жас ерекшелігіне байланысты балалар ақпараттың негативті әсеріне осал екенін және біздің қоғамның тарихи салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтарын ескере отырып, оларды толыққанды тәрбиелеу үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі петицияны қолдады. Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Жамбекқызы айтты:
«Бала құқықтары бойынша конвенцияның 17 бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер баланы әлеуметтік, рухани және моралдық тұрғыда рухани ізгілікке, сондай-ақ тән және психикалық жағынан салауатты дамуына жәрдемдесуге бағытталған ақпарат пен материал көздеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер балалаға әлеуметтік және мәдени қатынастарды пайдалы ақпараттармен материалдарды таратуға, сондай-ақ баланың әл-ауқатына зиян келтіретін деректер мен мәліметтерден қорғаудың негізгі қағидаттарын әзірлеуді ынталандырады. Сонымен қатар, ҚР «Бала құқықтары туралы» заңның 6 бабына сәйкес балалардың рухани және адамгершілік дамуына, қоғам үлесіне, мемлекет халықтарына, дәстүрлеріне ұлттық және әлемдік мәдениетінің ерекшелігіне сәйкес жеке басын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Сондай-ақ балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады», -деді Насымжан Жамбекқызы.
«ЛГБТ мен пронографияны тоқтату керек»
Өткен жылы елде 3000-ға жуық пронографиялық ақпарат тарату фактісі тіркелген екен.
ҚР Ішкі Істер Министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төраға орынбасары Ринат Сухаиров жыныстық сипаттағы кез келген ақпаратты, соның ішінде ЛГБТ мен пронографияны тоқтату керек деп есептейтіндерін айтты:
«Ішкі Істер министрлігі петицияны толық зерттеді және авторлардың тек ЛГБТ ғана емес, кез келген басқа жыныстық қатынасты насихаттауға тыйым салу туралы талаптарын қолдайды. Сот тергеу тәжірибесінің талдауы көрсеткендей соңғы уақытта жыныстық қылмыстардың сондай-ақ балаларға қатысты осындай қылмыстардың өсуі байқалды. Бұл осындай контенттің көп таралуына байланысты. Соңғы екі жылда және ағымдағы жылда балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс 21 пайызға, ал осы жылы 10 пайызға ұлғайды», - дейді Әкімшілік полиция комитетінің төраға орынбасары.
Сарапшылардың пікірі қандай?
ЛГБТ өкілдерінің құқықтарын қорғау БҰҰ Адам құқықтары бойынша комитетінің құрамына кірген Қазақстан үшін міндет екенін еске салған Адам құқықтары мен заңның сақталуы бойынша халықаралық бюроның қазақстандық жетекшісі Евгений Жовтис өз позициясын былай жеткізді:
«2003 жылдан бастап адам құқығы бойынша ратификацияланған халықаралық келісімдер нәтижесі бойынша, универсалды шолу мен арнайы тематикалық механизмдердің кіріспелері негізінде жыныстық бағдарына байланысты дискриминациядан көптеген кеңес берілген. Бұл петициядан әлде қайда ұзақ уақыт бұрын болған. Бұл кеңестер 2016 жылы БҰҰ Адам құқықтары бойынша комитетке берілген, сосын 2019 жылы БҰҰ Адам құқықтары бойынша комитеттің Әйелдерге қатысты дискриминацияны жою кеңесіне, содан кейін 2022 жылы Нәсілдік дискриминацияны жою бойынша кеңеске берілген. Бұл Бұл есептерде біздің мемлекеттің өкілдері ЛГБТ топтар дискриминациядан қорғалған деп нақты көрсеткен. Ол 4 баптың 2 тармағында айтылған. Онда ешкім шығу тегі, жынысы, нәсілі, тілі, наным-сенімі, тұрғылықты орны және басқа да себептер бойынша қандай да бір дискриминацияға түспейді делінген», -деген Евгений Жовтис.
Жовтис өз сөзінде дәстүрлі емес жыныстық қарым-қатынасқа мелициналық себептер де болуы мүмкін екенін айтып отыр.
Фото: BaigeNews.kz/Оксана Самойлова
«Қазақстандықтардың көбі дәстүрлі емес қарым-қатынасқа қарсы»
Қазақстандықтардың басым бөлігі дәстүрлі неке отбасылық қарым-қатынастарды қолдайды деп отыр әлеуметтанушы Ақнұр Иманқұл зерттеулерге сүйеніп. Қазақстанның қоғамдық даму институтының Отбасы және гендерлік саясат саланысың зерттеулер орталығы мамандары зерттеулер жүргізген екен:
«Қазақстандық отбасы-2022» баяндамасында сұралған азаматтардың басым көпшілігі бір жынысты некеге қарсы екенін танытып, тек 2,4 пайызы ғана мұндай некені қолдады. 2024 жылы KT Cloud Lab арқылы 1200 адам арасында телефон сауалнамасын жүргізді. Оның нәтижесі бойынша қазақстандықтардың басым бөлігі ЛГБТ өкілдерінің құқықтарын қорғауға қарсы. Олар 62,8 пайыз, ал бейтарап позициядағыдар саны – 26,2 пайызды құрады», -дейді ол.
Маманның сөзінше халықтың көбі ЛГБТ туралы әлеуметтік желіден ақпарат алады екен, олардың ішінде теледидар, газеттен де мәлімет алатындары бар көрінеді. Қазақстандықтардың 57,1 пайызы бұл баланың физикалық және психикалық жағдайына кері әсер етеді деген пікір танытқан. Сұралғандардың көбі халық санынының азаюы мен бала туу деңгейіне ықпал етеді және дәстүрлі отбасындағы қарым-қатынас сипатының өзгеруі мәселесіне алып келеді деп есептейді екен. Сонымен қатар репродуктивті денсаулық мәселесіне әсер етеді деген де пікір білдіргендер бар көрінеді. Ал 8,2 пайыз адам дәстүрлі емес қарым-қатыснас қоғамға еш ықпалын тигізбейді деп санайды екен. Зерттеуге сәйкес қазақстандықтар отбасы құндылықтарын жоғары бағалайды және қарым-қатынастың дәстүрлі түрін құптайды.
«Ата-бабаларымыздан келе жатқан салт-дәстүріміз бар...»
Талқылаудың алғашқы сөз кезегін алған Құдайшүкір Абдуллаев есімді ақсақал Қазақстан халқының саны аз екенін ескеруді сұрап:
«Ата-бабаларымыздан келе жатқан салт-дәстүр бар, болмысымыз бар, өткеніміз, кеткеніміз бар. Қазіргі шығарылып жатқан заңдарда бала құқығы деп балаларымызды тартып алатын, әйел құқығы деп ЛГБТ-ны қолдайтын заңдар тоқтатылуы керек. Мемлекет құрушы ұлт – қазақ халқының салты мен дәстүрі қорғалуы керек. Ата заңымыздың 74 бабының 1 тармағында Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдарменен халықаралық шарттарға қол қойылмайды, бекітілмейді және күшіне енгізілмейді. 74 баптың 2 тармағында Конституциялық емес деп танылған оның ішінде адамның немесе азаматтың баян етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін деп танылған заңның өзге де нормативтік құқықтар актілердің күші жойылады және қондалуға жатпайды деп тұр. Ата заңымыздың 5 бабының 4 тармағында сырттан ешқандай мемлекеттен ешқандай қаржылай қолдау көрсету жоқ. ЛГБТ ұйымдарына Америкадан, Батыстан қолдау көрсетіліп жатыр. Оған неге тыйым салынбайды?», - деп ашынды ақсақал.
Жиында көптеген егде жастағы адамдар сөз сөйледі олардың дені ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қолдап отыр. Кей бірі тіпті дәстүрлі емес жыныстық қарым-қатынасты азғындыққа баласа, кей бірі мұндай тақырыпты талқылаудың өзі ұят дегенді айтып жатты. Көпшілік балаларына алаңдаушылық білдіріп жатты.
Қатысушылардың арасында қарама-қайшы ұстанымдағылары да бар болды. Олар ЛГБТ өкілдерінің құқығы туралы айтып, петицияға қарсы шықты.
«Пропоганда бойынша ешқандай эксперт жоқ»
Өзін екі баланың анасы, зерттеуші деп таныстырған Кәмила Гавядина ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қолдамайтынын айтты, себебі:
«Біздің заң бойынша үгіт-насихат деген қысқа іс-шараның позитивті ұсынылуы. Ал ЛГБТ да, жыныстық қарым-қатынас та бізде тыйым салынбаған. Сәйкесінше бұл - оксюморон, қарапайым тілде – бұл ешқандай мәні жоқ іс. Екіншіден, үгіт-насихат екенін қалай анықтаймыз? Бізде мұны анықтайтын ешқандай методика жоқ. Пропоганда бойынша ешқандай эксперт жоқ. Кей адамдар ЛГБТ ашық түске боялған шаш немесе бәтеңке деп ойлайды. Біз атырауда зерттеу жүргізгенде жас балалар тіпті шаштарын бояй алмайтындарын айтты. Егер бояса оларды ұрып кетуі мүмкін екен. Қандай позитивті ұсынылу болуы мүмкін, егер бір бала өзін ЛГБТ өкілі ретінде таныстырса тіпті сіздерден, ақсақалдардан «біз сендерді өлтіреміз, өртейміз» деген сияқты қорқыту мен үркіту болатын болса», -деді Кәмила Гавядина.
Данияр Қалиев есімді азамат үгіт-насихат жыныстық бағдарға әсер етеді деген нақты дәлел жоқ екенін еске салып:
«Ішкі Істер министрлігі мұндай ғылыми дәлел жоқ екенін біліп тұрса да не үшін петицияны қолдайды? Бұл обьективті куәлардың негізінде емес, өз субьективті көзқарасына сүйеніп шығарып отыр деген сөз. Бұл құзіретін асыра пайдалану. Билік субьективті көзқарасқа емес, фактілерге, дәлелдерге және ғылыми зерттеулерге жүгінуі тиіс. Мен мелицина қызметкерімін. Сіздерге Шығыс Еуропа мен Орта Азия ВИЧ инфекциясының өсіп келе жатқан аймақ екенін айтқым келеді. Ол тіпті Африкада да азаюда. Гендерлік алуантүрлілікті мойындаған елдерде ВИЧ және басқа инфекциясымен күрес әлдеқайда жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр. Егер бұл петиция қолдауға ие болса, біз инфекцияның өршуіне және әсіресе геторосексуалдар көп болғандықтан көбірек солар зардап шегетініне дайын болуымыз керек», - дейді ол.
Өзін психолог деп таныстырған Наталья Казиетметова дәстүрлі емес жыныстық қарым-қатынастағы адамдармен көп жұмыс істегенін айта келе:
«Мен де пропогандаға қарсымыз. Осы үгіт-насихат жастарға кері әсер етіп жатыр. Жаңа ғана осында бір ана айтты, 15 жастағы бала жыныстық қызмет көрсетуге баруға мәжбүр деп. Біз неге адамға көмектесуді, мәселені шешуді ойламаймыз? Біреулерге ұнамауы мүмкін, бірақ дәстүрлі емес жыныстық қарым-қатынастағы адамдар арасында дедофилия көп. Себебі жас балалар жағдайды дұрыс бағамдай алмайды», - дейді Наталья Казиетметова.
Фото: Мәдениет және Ақпарат министрлігі
«Сендерді қамайық деп жатқан жоқпыз»
ЛГБТ насихатына қарсы петиция авторы Бағила Балтабай петицияның толық мағынасын толық түсінбей контекстен жұлып алып, басқа ракурстан көрсетіп жатыр деп қынжылды. "Петицияның бар мағынасы – үгіт-насихатқа қарсы болу" деген белсенді сөзін былай жалғады:
«Петицияға көшбасшы болған себебім, кішкентай блалалардың өзі жылдағы болып жатқан митингіге қосылып кетіп жатыр. Сол 7-8 жастағы кішкентай қыздардың қолындағы плакаттарын мен сіздерге қазір оқып берейін. Ол жерде «ни господа, ни государство», «Далой патриархат, далой революция» дейді. Бұларға патриархат дегенді қалай түсіндіріп отыр? Менің айтпағым, ғасырдан келе жатқан өзіміздің ұстанымымызға қарсы бұл дүние. Біз бір жыныстыларға ештеңе айтып отырған жоқпыз. Мемлекеттен кетіңдер, болмаса сендерді қамайық деп жатқан жоқпыз. Репрессия болып жатқан жоқ... Бірақ көшеге шығып, мындай плакаттар алып шыққан. Қазақстан мен Ресейдің екі тұлғасын сүйістіріп қойған. Батырларымыздың қолына ЛГБТ жалауын ұстатып қойған. Қазақстың ұлттық киімін киген екі азаматты сүйістіріп қойған. Бұл үгіт-насихат емей немене?!» - дейді Бағила Балтабай.
Петицияның қорытынды шешімі 6 тамызға дейін белгілі болады.