Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.
Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист. 1994-1996 жылдары қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.
1997-1998 жылдары Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары. Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді.
1998-1999 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.
1999-2000 жылдары Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы. 2000 жылдары "Метрология" РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, "Ұлттық аккредиттеу орталығы" АҚ директорының бірінші орынбасары.
2000-2005 жылдары "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.
2005-2010 жылдары Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.
2010-2014 жылдары Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
2014-2016 жылдары Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
2016-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
2019-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы. 2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.