09 шіл, 2022 сағат 11:47

Талғарда көпірден құлаған әйел өзенге батып кетті

©instagram/kris_p_talgar

Талғар бөгетінде көпірден өзенге құлап, мерт болған әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі kris_p_talgar сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын сегіз адамнан тұрған альпинистер тобы бекетті айналып өтіп, "Маралсай" демалыс базасының жанындағы тауға шыққан. Олар құтқарушыларға 6 шілдеде кешке "Спутник" демалыс орталығының үстіндегі кішкентай ағаш көпірден альпинистердің бірі құлап кеткенін хабарлады.

Әйелдің жасы қырықта еді. Оны өзен ағысы алып кетті. Сол кеште полицейлер, құтқарушылар және қорықтың қызметкерлері альпинисті іздеуге шықты. Іздеу түн ортасынан тоқтап, таңертең жалғасты. Жер экскаватормен тазартылған соң марқұмның мәйіті табылды.

"Ауыр рюкзак пен қауіпті көпір құлауға себеп болды", - делінген Instagram-дағы хабарламада.