09 қар, 2022 сағат 10:14

Талғарда кірпіш зауытының иесі тұрғындарға пышақ ала жүгірді


Әлеуметтік желіде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қайназар ауылында пышақпен халықты қорқытқан зауыт директорының видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Пятый регион" басылымына сілтеме жасап.

"Кірпіш зауытының директоры зауыт жұмысына наразы ауыл тұрғындарына пышақ ала жүгірді", - делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

"Мас болған кірпіш зауытының директорлары мен жергілікті халық арасында жанжал туындағаны рас. Тәртіпбұзушылық Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды", - деді тәртіп сақшылары.