19 шіл, 2022 сағат 17:53

Талғарда атыс болып, бір адам көз жұмды


Алматы облысындағы Талғар ауданында атыс болып, бір адам мерт болды. Ол ауруханада жан тапсырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«18 шілде күні Талғар ауданында 8 жергілікті тұрғынның арасында кикілжің туындаған. Олар қару қолданған. Салдарынан түрлі дене жарақатымен екі ер адам ауруханаға түсіп, оның біреуі сол жерде көз жұмды. Қазір барлық адамдар анықталып, ұсталды. Қазір аталған факті ҚК-тің 103, 293-баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиғаға қатысқан адамдар бір-біріне таныс болып келеді.