Қала әкімі лауазымына 4 адам үміткер болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ең жасы – отыз екіде. Үшеуі өзін-өзі ұсынды, біреуі «Аманат» партиясы атынан сайлауға түсті.
Қалада дауыс беру үшін 24 сайлау учаскесі ашылды. Оның екеуі - қалалық ауруханада орналасқан жабық сайлау учаскесі. Сайлаушылар саны 41 мыңнан асады.
"Қала әкімі сайлауына қатысқан кандидаттардың әрқайсысы сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Олар 10 күн бойы қала тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Дауыс беру уақытында заң бұзушылықтар тіркелмеді. Әр учаскеде 3-4 бақылаушы жұмыс істеді" - дейді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхит Дүйсебаев.