Алматы облысының Талғар қаласында су құбырлары қатып жатыр. Тұрғындардың 30% сусыз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір 50 адамнан құрылған арнайы бригада жұмыс істеп жатыр. «Жеке тұрғын үйлердің, көпқабатты үйлердің құбырлары қатып, қаланың 30% халқы сусыз отыр. Арнайы бригада құрылды. Жұмыс бір-екі күнге жалғасады деп ойлаймын. Себебі, қатқан құбырлардың бәрін жібіту керек. Сусыз қалған халық хабарласып жатыр.
Оларға арнайы бригада шұғыл түрде шығып, қызмет көрсетуде. Тұрғындар 100 пайыз ауыз сумен қамтылғанша біз жұмыс істей береміз», - деді Талғар аудандық ТҮКШ бөлімінің басшасы Салават Казиев.
Айта кету керек, Талғар қаласында 50 мыңнан аса халық тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, 27-ші қаңтар күні қатты аяздың салдарынан су бастауларында мұз қатып, Талғар халқының 30 пайызы сусыз қалғанын мәлім еткен болатынбыз. Артынша облыс әкімдігі су тапшылығы оң шешімін