Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 9 сәуірде Талғар ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жаңа әкім болып Рыскелді Сәтбаев тағайындалды. Оның кандидатурасын кезекті сессия кезінде аудандық мәслихат депутаттары да қолдады.
Талғар ауданының бұрынғы әкімі Райхан Садықов орнынан өзге жұмысқа ауысына байланысты босатылды.
Амандық Баталов атқарлыған жұмыс үшін Райхан Садықовқа алғыс білдірді және жаңа әкімге тапсырмалар берді. Осылайша, Алматы облысының әкімі Талғарда 252 көпқабатты үй барын және олардың онында ғана автономды жылыту жүйесі бар екенін айтты. Осыған байланысты басқа да үлерге орнату жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге, Талғар тұрғындары ауызсу үші жер беті және жер асты су көздерін пайдаланып отыр. Ал халықтың ауызсуды үздіксіз пайдалан алу үшін толықтай жер асты су көздеріне көшіру бойынша жұмыстарын жүргізуді қадағалауға алуды тапсырды.
Рыскелді Сәтбаев өз кезегінде осындай сенім тапсырылғанын алғысын білдіріп, тұрғын-үй коммуналдық мәселелрді шешуіге жинаған барлық тәжірибесін қолданып, оны басты орынға қоятынын мәлімдеді.
Рыскелді Сәтбаев Алматы облысында туған. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын өнеркәсіп және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша тәмамдады.
2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін халықаралық-экономист мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек қызметін 1984 жылы Алматы қаласындағы «Алматыоблколхозстрой» тресінің ПМК-70 шебері болып бастады. 1984 жылдан 1986 жылға дейін - КСРО Қарулы күштерінің қатарындағы әскери қызметін өтеді. 1986 жылдан 1989 жылға дейін - Алматы қаласының «Алматыоблагропромстрой» Құрылыс жөніндегі мемлекеттік кооператив бірлестігінің бас инженері болып жұмыс істеді. 1989 жылдан бастап Алматы қаласының «Казкиноремтехпром» республикалық көп профильді кәсіпорнының прорабы болып жұмыс атқарды. 1990 жылдан 1999 жылдар арасында - «Казкинокомплект» АҚ президенті. 1999 жылдан 2008 жылдар аралығында - Алматы қаласының Медеу ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2008 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмыстары және аумақтық дамыту бөлімінің бас инспекторы және Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмыстары және аумақтық дамыту бөлімінің бас кеңесшісі лауазымын қатар атқарды. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Бірқатар медальдармен марапатталған.
Айта кетсек, бұған дейін Алматы облысында жаңадан екі ауданның - Кеген және Райымбек аудандарының әкімдері тағайындалған болатын. Жаңа аудандар Райымбек ауданын бөлу жолымен құрылған еді.