Алматы облысы Талғар ауданындағы тас жолдардың бірінде бір топ ер адам көкпар тартқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 тамыз әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Талғар ауданы автожолдарының бірінде 10 адамнан құралған топ көкпар ұлттық ойынын ойнап, сол арқылы көлік құралдарының жол қозғалысына кедергі келтіргені түсірілген бейнежазба анықталған.
"Аталған дерек Талғар ауданының ПБ-да дереу тіркелді.
Тексеру барысында оқиғаның 12 тамыз болғандығы анықталды, қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды.
Іс материалдары сотқа жолданылып, оның шешімі бойынша кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылады" - делінген ведомство хабарламасында.
видео: egovpress Instagram парақшасы