Фото: gov.kz
Алматы облысында Талғар ауданы әкімінің орынбасары Барлық Төрехановқа қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұл туралы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Аудан әкімі Қайрат Әбдіханов орынбасары Барлықбек Төрехановты қызметінен шеттетуді тапсырған. Ол қызметтік тергеу аяқталғанға дейін жұмыс істемейді.
"Талғар ауданы әкімінің өкімі 6 сәуірде шықты. Барлық Төреханов қызметтік тергеу мерзімі аяқталғанға дейін қызметінен шеттетілді", - деді ведомство өкілдері.