Талдықорғанда интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынған жеңгетай ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, к риминалдық полиция басқармасына облыс орталығындағы моншалардың бірінде әкімшінің ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатыны, яғни жігіттер жеңгетайлығымен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түскен.
Жүргізілген іс-шаралар барысында ақпарат расталды және криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 33 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын ұстады.
Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.
Әкімшінің өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірін тікелей бергені анықталды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, ал өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.