28 сәу, 2022 сағат 16:38

Талдықорғанда мұғалім мен оқушы жанжалдасып қалды

коллаж: Tengrinews.kz

Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы мектептердің бірінде мұғалім мен оқушының жанжалдасып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға №6 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі мен сегізінші сынып оқушысы арасында болған. Жанжалдың себебі белгісіз.

Видеода оқушы қыз мұғалімін балағаттап жатқаны есітіледі. 

Видео кадры

Кейін олар бір-бірін жұлқи бастайды. Алматы облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді.

"Оқиға 11 сәуірде болған. Осы оқиғадан кейін мектепте әдеп жөніндегі кеңес өтті. Оған оқушының анасы шақырылған. Кеңес барысында тараптар татуласты, бір-біріне талап-арызы жоқ. Мұғалім өз еркімен жұмыстан босатылды. Айта кету керек жайт, ол өтінішінде 2022 жылдың ақпанынан бері денсаулығы нашарлағанын жазған", - деді ведомство өкілі.