30 мау, 2022 сағат 20:13

Талдықорғанда қатты жел соғып, 59 жастағы тұрғынның үстіне ағаш құлады


Талдықорғанда күшті желден 59 жастағы тұрғынның үстіне ағаш құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1963 жылғы науқас 30 маусым күні сағат 16:31 шамасында ауруханаға түсті. Басынан жарақат алған, миы шалқалған. Науқастың жағдайы бірқалыпты болғандықтан, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Айта кетейік, бүгін Талдықорғанда қатты жел соғып, аялдамада тұрған адамның үстіне ағаш құлаған.