22 қаз, 2022 сағат 15:59

Талдықорғанда газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам зардап шекті



Талдықорғанда компания аумағында жеке тұрған ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылып, қабырға қираған. Күзетшінің қолы мен бетін күйік шалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 қазанда 05:50-де Желтоқсан көшесінің бойында ЖШС аумағында, жеке тұрған ғимаратта (күзетші үйшігі) газ-ауа қоспасы жарылып, қабырға қираған және 50 шаршы метр аумақты қамтитын төбесі опырылған, 20 шаршы метрлік заттар жанған. Оқиға салдарынан 1982 жылғы күзетшінің қолы мен бетін күйік шалған (болжам бойынша 10-12%). Жағдайы бірқалыпты», - деді Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Газдың неден жарылғаны анықталып жатыр, оқиға орнында құзырлы органдар жұмыс жүргізуде.