Талдықорғандағы шағын орталықтың терезесінен құлаған Аруна Қуанышқызының жағдайы жақсарып келеді. Бүлдіршін ата-анасын танып, есін жия бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Баланың жағдайы тұрақтанды. Дегенмен ол әлі де әлсіз. Сондықтан реанимация бөлімінде жатып ем қабылдайды. Денсаулығын ұдайы бақылауда ұстаймыз», - деді Алматы облыстық балалар ауруханасының дәрігер-реаниматологы Әл-Акбар Бекұлы.
Естеріңізге сала кетейік, 15 мамыр күні Талдықорғандағы №19 мектеп-гиназиясындағы шағын орталықтың екінші қабатынан кішкентай бала құлап кеткен еді.
Қазір осы фактіге орай соталды тергеу басталды. Іс ҚР ҚК 141 бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Ал зардап шекккен екі жастағы бүлдіршін аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға басынан аяғына дейін бейнебақылау камерасына жазылып қалған.