30 нау, 2022 сағат 10:44

Талдықорғанда 8 жастағы бала қозыны 35 рет көтерді


Талдықорғанда Өтенай ауылының сегіз жастағы тұрғыны Қайсар Өмірсерік 35 рет қозы көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жануардың салмағы - 14 келі. Кішкентай болғанына қарамастан, Қайсар бұл істе күші мен шеберлігін таныта білді.

Қайсарға тең келетін қарсылас болған жоқ. Ол ойын шартына сәйкес Наурыз мейрамына сыйлық ретінде малды алды.