24 қаз, 2025 сағат 12:59

Талдықорғанда 17 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды


Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов


Жетісу облысында 17 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Ult.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Талдықорғанда полицейлер ұзақ жыл бойы жасырынған 54 жастағы ер адамды ұстады.

Деректерге сәйкес, ол 2008 жылдың 15 мамырынан бастап есірткі қылымысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған.


"Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған адамға полицейлер тиісті шара қолданып жатыр. Аталған іс бойынша барлық жағдайлар тергеу барысында мұқият тексеріледі", - делінген хабарламада.