24 мам, 2022 сағат 22:55

Талдықорған тұрғындарын жарылыс дыбысы шошытты


Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Талдықорған мен көршілес ауылдардың тұрғындары естіген жарылысқа ұқсас дыбыс неден болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде қатты жарылыс туралы ақпарат пайда болды, оны Алматы облысындағы ауыл тұрғындары естігені айтылған. Кейбір қолданушы Талдықорған маңында ұшақ апатқа ұшырады деген болжам жасады.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті алаңдауға негіз жоқ деп сендірді. Дыбыс аумақтың үстінен ұшып өткен әскери ұшақтан шыққан. Сондай-ақ ведомство "112" нөміріне көмек қажет екенін ешкім хабарласпағанын атап өтті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, әскери ұшақ ұшып өтіп, қозғалтқыш форсажын қосқан, яғни жылдамдықты күрт үдеткен, соның нәтижесінде қатты тарсыл даусы шыққан. Ол қаладан ұшып өтті, ал біздің әуежай қаладан тыс жерде. Мен өзім де соған қарадым, біздің ғимараттың 5-қабатына көтерілдім. Шатырдан қараймын - түтін жоқ, ештеңе болмаған", - деп түсіндірді Алматы облысы ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы Павел Сачков.