19 мам, 2023 сағат 10:32

Талдықорған әкімі денсаулығына қатысты пікір білдірді

Фото: Талдықорған қаласы әкімдігі

Талдықорған әкімі Әсет Масабаев денсаулығына қатысты пікір білдіріп, ауруханаға қалай түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл - ескі ақпарат, ауруханаға 4-5 мамырда жатқызылдым. Қазір жағдайым өте жақсы, бәрі орнынша. Ауруханаға жату себебім ишемиялық шабуыл, микроинсульт болды. Қазір бәрі өтті, оңалту курсынан өтіп жатырмын", - деді Масабаев.

Ол амандығы үшін алаңдаған баршаға алғысын білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Талдықорған қаласының әкімі жансақтау бөліміне түскені хабарланған еді.