Тағы 5 компания құрылыс материалдарының бағасын төмендетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мемлекет басшысының құрылыс материалдары нарықтарында шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері барлық өңірлердегі құрылыс материалдары нарықтарында бағаны көтерудің негізділігіне монополияға қарсы талдау жүргізуді жалғастыруда.
2021 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша құрылыс материалдары нарықтарының субъектілеріне бұзушылық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 63 хабарлама жіберілді (оның ішінде 22-29 шілде аралығындағы кезеңде 6 жаңа хабарлама): кірпіш бойынша – 16, арматура – 13, цемент – 17, бетон – 8, қиыршық тас – 2, полиэтилен құбырлары – 3, швеллерлер – 2, кабель – 1, шыны – 1.
Қазіргі уақытта 29 компания хабарлама талабын орындады. 22-29 шілде аралығында 8 компания, оның 5-еуі бағаны төмендетті:
- Павлодар облысында арматураға («Фирма «Стальной союз» ЖШС, 397 220 теңгеден/тн 377 200 теңгеге/тн дейін, «КЅР Steel» ЖШС, 351 000 теңгеден/тн 320 120 теңгеге/тн дейін), Атырау облысында («УралМеталлИнвест» ЖШС орта есеппен 450 000 теңгеден/тн 418 500 тенгеге/тн дейін және «КазТемирКонтракт» ЖШС 471 201 теңгеден/тн 430 109 теңгеге/тн дейін).
- Солтүстік Қазақстан облысында бетонға («Логика Строй Ресурс» ЖШС, қабырға блоктарының құнын 25000 теңгеден/текше метр 23000 теңгеге/текше метр дейін немесе 9%-ға төмендетті.