11 қаң, 2023 сағат 13:45

Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары елші болды


Әділ Тұрсынов Қазақстанның Норвегиядағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.