ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырыснан кейін БАҚ өкілдеріне сырттағы капиталды елге қайтару процесі 5 бағытта жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ең әуелі заңсыз шығарылған капиталды қайтару амалын қарастыруымыз керек. Ол капитал сыртта емес, біздің экономикамызға жұмыс істеуі керек. Ал капиталды қайтару ісі арнайы құқық қорғау органдарының құзыретіндегі шаруа. Бұл жұмыспен тікелей Қаржы министрлігі айналыспайды. Қазір сыртқа қанша қаражат жылыстатылғанын айту мүмкін емес. Импорттық немесе экспорттық операциялар бар. Соларды сараптай отырып, арнайы ұйым жұмыс істеп жатыр», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Үкімет мүшесі заңсыз ақша жылыстатқандар қандай жауапкершілік арқалайтынын құқық қорғау және сот органдары айқындайтынын еске салды.
«Мен Бас прокурор да, Жоғары сот төрағасы да емеспін. Тиісті ұсыныстарды Президентке жолдаймыз. Қазір сырттағы капиталды елге қайтару бойынша 5 бағытта жұмыс жүріп жатыр. Соның бірі – Бас прокуратураның комиссиясы. Әрбір факт зерттелуі керек», - деді ол