Сырдария өзені арнасынан шығып кетуі мүмкін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
«Мұздық құбылыстарға байланысты Қызылорда облысының Қазалы қаласы тұсында Сырдария өзеніндегі су деңгейі сағат 08:00-ден бері +29 см көтерілді және де қауіпті белгіге жақындады», делінген дауылды ескертуде.
Нақты деңгей сағат 14:00-де 612 см-ге жеткен, қауіпті деңгей 640 см (судың өзен арнасынан жайылып кетуі) болуы керек. Ал, шекті деңгей 743 см (елді-мекенді су басу қауіпі туады).
«Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі», делінген хабарламада.