Бүгін «AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Мұз айдынында» спортшылармен, спорт кешенінің қызметкерлерімен кездесіп, партияның алдағы 5 жылға жоспарланған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Оның ішінде «AMANAT» партиясы жаппай спортты дамыту және азаматтардың дене шынықтыруын дамыту міндеттерін алға қоятынын атап өтті.
«Бұқаралық спортты дамыту мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі». Осылай деген Мақсұт Нәлібаев әр тұрғын кем дегенде жүгіріп, бойын сергітіп тұрса бұл оның ұзақ өмір сүруіне, денсаулығының мықты болуына септігін тигізетінін сөз етті.
Үміткер Айсұлу Қасымова алдағы бес жылда партия өз жұмысында халықтың денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортқа тартуға бас назар аударатындығын жеткізді.
«Жалпы «AMANAT» партиясы 2027 жылға дейін 12 дене шынықтыру – сауықтыру кешендерінің құрылысын салуға қаражы бөлінуіне ықпал етеді. Оның ішінде: Арал ауданының Қамыстыбас ауылында, Қазалы ауданында Түктібаев ауылында, Қармақшы ауданының Жосалы кентінде. Мұнан бөлек, спорт нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге. Сонымен қатар партиялық бақылау механизмі арқылы балаларға спорт үйірмелеріне немесе шығармашылық үйірмелерге тегін баруына мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қарқынын 1000 адамға шаққанда 47,8%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Бұл бұқаралық спорт түрлерін дамытуға, денешынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың үлесін 53%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді үміткер Айсұлу Қасымова.
Жиын соңында үміткерлер спортшылардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, оларды алдағы болатын сайлауда «AMANAT» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді