Фото:burabayresort.kz
Ақмола облысында әйел адам "Бурабай" ұлттық паркіндегі Бөлектаудан құлап мерт болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 11 маусымда болған.
"Полиция оқиға бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Алдын ала анықталғандай, әйел адам ері және балаларымен Астандан демалуға келген. Бөлектаудағы айналаға көз салатын алаңқайға көтерілерде ол суретке түспек болған, алайда 15 метрден құлап, тасқа соғылған", - деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарды сақ болып, қажетті қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады.