17 қар, 2021 сағат 12:24

Сұлтан Қамалетдинов қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды


Сұлтан Қамалетдинов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, Тимур Тұрарұлы Дәндібаев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылған.