Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғыны тастап кеткен үйіне ұры түскенін айтты, - деп хабарлайды "Тілші".
Ақпарат орталығының мәліметінше, қаладағы мектептердің біріне орналастырылған ол екі жетім баланың көмекақысына алған азық-түлікті, ыдыс-аяғы, көрпе-төсектері мен басқа да заттарын бәзбіреулердің қолды қылғанын айтып жылайды.
"Екі жетім баланың жәрдемақысына алынған азық-түлікті алып кетті. 45 мың теңгеге алған азық-түлігім еді. Енді кімге барып, зарымды айтамын", - дейді әйел видеода.