22 ақп, 2022 сағат 11:30

Су тасқынына қарсы жүйелі шаралар қабылданбай келді – Үкімет басшысы


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында су тасқынымен күрес саласындағы қордаланған проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір су тасқынына қарсы жұмыстар жүріп жатыр, бірақ мұны мойындау қажет, ұзақ уақыттан бері жүйелі шаралар қабылданбай келді. 

Соның ішінде гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мәселелері әлі шешімін таппай отыр. Қараусыз қалған бөгеттер мен су қоймаларының иелерін анықтау жұмысы аяқталған жоқ», - деген Премьер-Министр жауапты ведомстволардың алдында аталған олқылықтарды жою бойынша бірнеше міндет тұрғанын атады. 

Оның біріншісі – Экология, геология және табиғи ресрурстар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, гидротехникалық құрылыстарда шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдауы керек. 

«Қараусыз қалған гидротехникалық құрылыстарды анықтап, оларды коммуналдық меншікке беруді аяқтау қажет. 

Сонымен қатар су қоймаларының қауіпсіз көлемін белгілеп және оларды толтыруды тұрақты бақылауға алу керек. Қажет болса алдын ала қауіп болмайтындай етіп суды жіберіп отыру керек. Қазгидромет мемлекеттік органдарға ауа-райы болжамын уақтылы беріп тұруы тиіс», - деді Әлихан Смайылов.