15 сәу, 2017 сағат 16:12

Су тасқыны салдарынан Қазақстанның үш өңірінде жол жабылды

Республикалық маңызы бар ШҚО, ОҚО және Қарағанды облыстарында су тасқынына байланысты көліктер қозғалысы шектелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазавтожол» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін 15 сәуірде су тасқынына байланысты Семей-Қайнар жолында 8-166 шақырым жерде (27 шақырымды су шайған) қозғалыс шектелді. Айналма жол - «Семей-Қарауыл» арқылы.

ОҚО-да су тасқынына байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 2217-2235 шақырымы аралығында (2229 шақырым көпір) көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Жағалау мен Арыс өзеніндегі көпір тіректерін су шайып кетті. Айналма жол - Тамерлановака ауылы арқылы.

Қарағандыда «Ақшатау-Ағадыр» автожоының 90-195 шақырымы  (166 шақырым +750 м. жолды су шайды)  аралығындағы жол жабылды. Айналма жол - «Қарағанды-Ақсу-Аюлы-Ақадыр» арқылы; «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217 шақырым (43,141,169,174,178 шақырымды су шайды), Қарағандыдан Қарқаралыға дейін «Бастау-Ақтау-Теміртау» 1-12 шақырым жер, Бастаудан   Ақтау кентіне дейінгі учаскеде (11 шақырымды су шайды) көліктің барлық түріне жол жабылды.

Қазавтожолда атап өткендей, су басуы мүмкін учаскелерде нығайту, бекіту жұмыстары жүріп жатыр, алдын алу белгілері қойылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.