02 сәу, 2022 сағат 17:25

Су тасқыны: БҚО-ның тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды


Көктемгі су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында жергілікті ауқымда табиға сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бөрлі ауданы әкімдігі мәлім еткеніндей, осыған орай төтенше жағдайларды жою бойынша аудандық штаб құрылып, қауіпті аумақтарда тәулік бойы жұмыстар жүргізілуде. 

Қызылтал ауылының тұрғындары үшін үйлері суға кету қаупі төнген жағдайда Ақсай қаласындағы 7-орта мектепте тәулік бойы эвакуациялық қызмет орталығы ұйымдастырылды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты 8-705-447-09-19 нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.

Бұдан бұрын Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында төтенше жағдай жарияланған болатын.