Степногорда жылу электр орталығында болған апаттың салдарын анықтау мақсатында жоспардан тыс тексеру белгіленді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
«Степногор ЖЭО-дағы қазандықтардың апаттық тоқтау фактілері бойынша ҚР Энергетика министрлігі атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан жоспардан тыс тексеру белгіленді», - делінген хабарламада.
Министрліктің баспасөз қызметіні ұсынған мәліметке сәйкес, тексеру нәтижесі бойынша тиісті шара қабылданады.
«Анықталған бұзушылықтар мен қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады. Қазіргі Степногорда ЖЭО-да 4 қазандық және 3 турбина жұмыс істеп тұр. Станцияның генерациясы - 64 МВт, жылу желілерінің температуралық режимі сақталып тұр», - дейді ведомстводан.