30 мау, 2021 сағат 12:20

S&P Global агенттігі Kaspi Bank-тің несие сапасы жоғары екенін айтты


29 маусымда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank АҚ рейтингтері бойынша болжамды "Позитив" деңгейіне дейін көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

S&P Global бірнеше маңызды факторды атап өтті:

  • Өткен жылы Kaspi-дің басқа қазақстандық және ресейлік банктермен салыстырғанда несиелік шығындары айтарлықтай төмен болды.
  • COVID-19 пандемиясына қарамастан Kaspi-дің резервтерді (тәуекелдердің құны) қалыптастыруға бағытталған шығыны бесжылдық төменгі көрсеткіш 1.7 пайыз деңгейіне түсті. Бұл бірінші кезекте несиелік шешімдерді қабылдау шараларының тиімділігіне байланысты.
  • 2021 жылы Kaspi Bank құрамына кіретін Kaspi.kz төлемдер мен электрон коммерция нарығында таңғалдыратын өсім көрсетіп отыр. Ай сайынғы белсенді клиенттер саны 10 миллион адамға жетті, ал орташа капиталға қайту көрсеткіші рекордтық мән 85 пайызға жетті.

"Рейтинг бойынша болжамның жақсаруы тағы бір рет Қазақстанда жасалған біздің бизнес үлгінің ерекшелігін көрсетті. Несие портфелінің жоғары сапасы бірінші кезекте біз несие бойынша шешім қабылдау кезінде ең заманауи технологияларды қолданатынымызға байланысты. Kaspi қазақстандық қана емес, ресейлік банктермен де салысытырғанда тамаша нәтиже көрсетіп жүр. Бұл біздің команда үшін жеке мақтаныш факторы", - деді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.

S&P Global, сонымен қатар, эмитенттің ұзақ және қысқамерзімді кредиттік рейтингін BB- / B және ұлттық өлшем бойынша рейтингін kzA деңгейінде бекітті.