Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов соя мен жүгеріні Қытайға экспорттау керектігін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Өңірімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басты бағыты – өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару. Бұл бірінші кезекте соя мен жүгеріге қатысты. 2024 жылға қарай оның егіс алқабы 4,2 есе өсіп, экспорт көлемі 1,5 мыңнан 15 мың тоннаға дейін, яғни 10 есе артады», - деді аймақ басшысы тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде.
Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан сүт, бал, маралдың мүйізі, күнбағыс майы өндірісі бойынша республикада - бірінші, ет өндіруде - екінші орында тұр.
«Соңғы 5 жылда сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында құйылған инвестиция тұрғындардан сүт сатып алу көрсеткішін 17 есе арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде өңдеуші кәсіпорындардың қуаты 29-дан 75 пайызға дейін өсті», - деді Даниал Кенжетайұлы.