22 шіл, 2022 сағат 10:44

Сотталушыны пара беруге итермелеген "генерал" ұсталды - Антикор


Жалған генерал бұрын сотталған адамды пара беруге итермелеген, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

"20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімі бойынша өзін әскери генералмын деп таныстырған А. Әмрин 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Әмрин ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте бұрын сотталған адам пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, үкімдердің жиынтығын ескере отырып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ол орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.