17 шіл, 2025 сағат 12:01

Сотта Перизат Қайраттың анасының денсаулығы нашарлап кетті


Фото: Tengrinews.kz / Санжар Мустафин

Сот отырысында Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның денсаулығы нашарлап, сот үзіліс жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.

Бірнеше күннен бері Астана қаласында «Biz Birgemiz» қайырымдылық қорының басшысы болған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Кезекті сот отырысында Ғайни Алашбаеваның денсаулығы нашарлап, сот үзіліс жариялады. 

Айта кетейік, бұған дейін сот отырысында оның қорына әртүрлі сомада ақша аударған жәбірленушілер куәлік беріп жатқанын жазғанбыз. Соның бірі Назарбаев Зияткерлік мектебі ата-аналары қорға 900 мың теңгеден артық ақша аударғанын айтып, ақшаларын қайтарып алуға мүдделі екенін хабарладық.