07 там, 2025 сағат 16:32

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: су қоймасының 50%-ы тексерілді

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, 25 шілдеде радардан жоғалған әскери тікұшақты іздеу кезінде Сорбұлақ су қоймасының жартысы зерттелді, деп хабарлайды Ult.kz.

Жақын маңнан тікұшақтың бірнеше бөлшегі табылған. Қазір іздестіру жұмыстары таңнан кешке дейін жалғасып жатыр. Су қоймасының тереңдігі 5–25 метрге дейін жетеді, түбі батпақ, лайдан көріну мүмкіндігі төмен.

Іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің басшылығымен жүргізілуде. Ал ТЖМ тарапынан барлық қажетті күш-құралдар тартылған.

Еске салайық, 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен болатын.