«Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма төрағасы Василий Куриско соңғы бес жылда елордада жылу тарифі қаншаға өскенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жылумен жабдықтау желісінің тозуы бүгінде – 56%. Әзірге кешіктірілген жөндеу жұмыстары жоқ. Енді біз 2021-2025 жылдарға арналған тарифті қорғаймыз. Егер біз мәлімдеген тариф берілсе, онда желіні жөндеуде кідірістерге жол бермейміз. Егер олай етпесе, онда өздеріңіз білесіздер, қаржы құйылмаса қиындықтар туындауы мүмкін», - дейді Василий Курисько Мәжіліс депутаттарымен кездесу барысында.
Кәсіпорын басшысы елордада соңғы бес жыл ішінде жылу тарифтері қаншаға көтерілгені туралы да айтты.
«Тариф динамикасына келер болсақ, егер қолданыстағы тариф болса - біз оны 2020 жылды қосып қорғап қойдық. Өсім бар, соңғы бес жылда бізге: бірінші жылы 7%, екінші жылы 6,6% және соңғы екі жылда 5,5%-дан өсіруге рұқсат етілді», - дейді ол.
Сондай-ақ, ол кәсіпорындағы жұмысшылардың жалақысы орташа есеппен 200 мың теңге екенін айтты.