Фото: Polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысында найзағай түсу салдарынан малшы қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"25 мамырда СҚО Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аққайың ауданы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасында 31 жастағы ер адамның мәйіті табылғандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Ер адам бақташы болып жұмысқа орналасып, жайылымда мал бағып жүрген.
Оған найзағай түскені анықталды. Ер адам және оның жылқысы оқиға орнында қайтыс болған.
Тергеу әрекеттері жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды" - делінген хабарламада.