Көрнекі сурет: pikabu.ru
Солтүстік Қазақстанда санитар дәрігерлер мектеп асханаларынан ішек таяқшасын тапқан. Сондай-ақ, асханаларда арнайы рецепт пен технологияны сақтамай балаларға тамақ әзірлегені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Мектептердегі 169 тамақтандыру пунктінің жартысына жуығы заңды бұзып, жұмыс істеген. Кәсіпкерлерге жалпы сомасы тоғыз миллион теңгеден аса айыппұл салынды.
"Ішек таяқшасына қарсы жуу және дезинфекциялау сапасын тексеру үшін 2792 жабдық пен ыдыс таңдалды. 122 затта ішек таяқшасы бары анықталды. Яғни, дезинфекциялау нормалары сақталмаған. Сонымен қатар, сараптама нәтижесінде мәзірде балалардың физиологиялық қажеттіліктері ескерілмегені байқалды. Мектептің көпшілігінде оқушылар көмірсулармен тамақтанаты немесе оларға порциялар аз мөлшерде берілетіні анықталды", - деді Солтүстік Қазақстан облысы СЭБД басшысының орынбасары Татьяна Горлова.