24 қыр, 2019 сағат 13:07

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады

Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

25 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. 25-26 қыркүйекте түнде өңірдің кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді, тұман түсуі ықтимал.

25 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/сжетуі мүмкін. 26 қыркүйекте күндіз өңірдік кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Петропавл қаласында 25-26 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. 25-26 қыркүйекте күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.